Жаңалықтар

Нью-Йорк: «Біз, бәріміз – мұсылманбыз!»

Астана. 28 маусым. KAZISLAM – Нью-Йорк қаласында президент Дональд Трамптың АҚШ шекарасынан жеті бірдей мемлекеттің, оның ішінде бес мұсылман елі азаматтарының кіруіне салған тыйымына қарсы үлкен наразылық акциясы өтті.

New York Foley Square алаңында өткен шеруге 80 үкіметтік емес ұйым өкілдері, Америка-ислам қатынастары кеңесінің өкілдері, қарапайым америкалық азаматтар қатысты. Акцияға қатысушылар қолдарына «Тыйымға жол жоқ!», «Ақүйде нәсілшіге орын жоқ!» және «Біз бәріміз – мұсылманбыз!» деген жазба плакаттарын ұстап шықты.

Андолу агенттігінің хабарлауынша, Нью-Йорк мэрінің адвокаты Летиция Джеймс бұл жердегі мәселе мұсылмандар мен босқындарда емес екенін айтты. «Мәселе – жек көрушілікте. Бұл нәсілшілдік, ал біз ондай емеспіз» дейді Джеймс.

Еске салсақ, АҚШ Жоғарғы соты бұған дейін Трамтың 2017 жылы 27 қаңтарда қабылдаған тыйым туралы жарлығын мойындады. Заңда АҚШ шекарасынан жеті мемлекет (Чад, Иран, Ливия, Сомали, Йемен, Сирия, Солтүстік Корея) азаматтарының кіруіне тыйым салынған.

Show More

Басқа жаңалықтар

Close