Жаңалықтар

22 террорист ұсталды

Нигерияда Боко Харам террор ұйымына бағытталған операцияларда 22 террорист ұсталды.Бұл туралы TRT агенттігі хабарлады.

Нигерия полициясы атынан мәлімдеме жасаған Дамиан Чукву, Борно уәлаятына қарасты Бама мен Гвоза аймақтарындада Боко Харамға бағытталған операциялар жасалғанын хабарлады.

Чукву операция барысында ұсталған 22 ұйым мүшесінен сегізінің Чибок қыздарын алып қашу және Адамава мен Майдугури аймақтарында 50-ден астам жанкешті шабуылға қатысы бар екенін атап көрсетті.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close