Ислам және отбасы

Неке қиюда куәгер болуы шарт па?

Қиылған некеден шариғат үкімдерінің туындауын қамтамасыз ететін шарттар — некенің дұрыс болуының шарттары деп аталады. Аталған шарттардың бірі кем болған жағдайда Әбу Ханифа мәзһабы бойынша неке дұрыс болып саналмайды. Некенің шариғатқа сай болу шарттары төмендегідей:

  1. Некелесуге рұқсат етілген жандар. Яғни, үйленуге рұқсат етілмейтін туыс, сүттес, біреудің әйелі немесе апалы-сіңлілі екі қызды бірдей алу сияқты жағдайлардың орын алмауы.
  2. Өмірлікке некелесу. Үйленетін жандар өмірлік некені мақсат етулері тиіс. Шариғт бойынша уақытша үйлену шартты түрде үйлену некеге жатпайды.
  3. Куәгерлік. Қиылған неке дұрыс болу үшін куәгердің болуы шарт. Бұл мәселеде мәзһаб имамдары арасында талас жоқ. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Өкілсіз және екі әділетті куәгерсіз неке қиылмайды», — деген. Куәгерлікке ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына толған екі мұсылман ер немесе бір ер, екі әйел кісі жарайды.
  4. Екі жақты разылық. Егер екеуінің бірі зорлықпен үйлендірілсе неке дұрыс болмайды. Бұл жайында Айша анамыздан (р.а.) риуаят жеткізілген: «Бірде маған бір бойжеткен келіп: «Әкем мені отбасымыздың беделін көтеру үшін өзім ұнатпаған адамға тұрмысқа берді», — деп шағымданды. Мен оған «Пайғамбар (с.ғ.с.) келгенше отыра тұр», — дедім. Пайғамбар (с.ғ.с.) келген соң оған мән-жайды айттық. ОЛ (с.ғ.с.) қыздың әкесін шақыртып алды да, таңдау еркін қызға берді. Сондай бойжеткен қыз: «Шынында мен әкемнің ісіне разы едім. Тек әйелдерге әклердің билігі жүрмейтіндігін анық білгім келіп еді» — деді. (Имам Ахмет риуаяты). Демек, бір адамды зорлықпен үйлендіру дұрыс емес.
Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close