Жаңалықтар

Түркия Президентін ұлықтау рәсіміне 22 елдің басшылары қатысады

Президенттің ұлықтау рәсімінен кейін Түркия дамудың жаңа дәуіріне аяқ басады. Бұл туралы Түркия басшысы Режеп Тайип Ердоған парламентте сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды «Анадолу».

«Дүйсенбі, 9 шілде күні Түркия Президентін ұлықтау рәсімі өтеді. Осыдан кейін мемлекет дамудың жаңа кезеңіне аяқ басады», — деді ол. Оның атап өтуінше, Ұлы ұлттық жиналыс (парламент) ғимаратында өтетін инаугурациядан кейін Анкара іргесіндегі Бештепе аумағында орналасқан президенттік кешенде үлкен шара ұйымдастырылады.

«Шараға 22 елдің басшылары және 17 мемлекеттің үкімет басшылары қатысады. Бірқатар елдердің вице-президенттері мен парламент спикерлері келеді», — деді Ердоған.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Close