Ислам және қоғам

Намаз қалай қабыл болады?

Күні кеше намазханға құрметпен қарайтын болса, бүгінде оларға үрке қарайтын болды. Оның себебі, намазда емес екені бесенеден белгілі. Мәселен, намаз оқитын адамның өзінде боп тұр. Өйткені, олардың бойынан намаз оң пайдасы мүлде байқалмайды.

Ал, намаздың пайдасы неде? Оны қалай сезінуге болады?

Хадис ғалымдары Баззар мен Дайлами еңбектерінде мынадай құдси хадис бар. Құдси хадис – Құран Кәрімнен бір саты төмен, пайғамбар сөзінен бір деңгей жоғары тұратын пайғамбар (с.ғ.с.) аузына салынған иләһи сөздер.

Ендеше, сол құдси хадисте былай делінген: «Намаз оқығанның бәрі намаз оқушы емес. Ақиқатында, Менің ұлылығыма бас игеннің намазын қабыл етемін. Әрі Мен харам еткен нәрседен құмарлығын тия білгеннің, күнә жасауға салынып кетпегеннің, аш адамды тамақтандырған, жалаңашты киіндірген, қиыншылыққа тап болғанға мейірімділік еткен, ғаріпке баспана берген, әрі мұның барлығын Менің ұлылығым және құдіретім (ризашылығым) үшін жасаған адамның (намазын қабыл етем). Оның дидарының нұры Менің құзырымда күннің нұрынан да жарық. Оның надандық мінездерін жұмсақтық пен мейірімділікке айналдырамын. Қараңғылығын нұрға ауыстырамын. Маған дұға етсе жауап қайтарамын, Менен сұраса беремін. Оны періштелерім қорғауға бұйырамын. Менің құзырымда ондай адам – фирдаус сияқты, жемісі таусылмайды, әрі жағдайы өзгермейді».

Демек, намаздың адамның табиғатына пайда бермеуінің бірден бір себебі, тек сыртқы қимыл-әрекетімен шектелу, оның түпкі тәліміне үңілмеуден келіп шығады екен. Олай, Ислам құндылықтарын түгелдей жанымен қабыл етіп, намаз оқу аса маңызды екен.

Руслан Қамбар

Show More

Басқа жаңалықтар

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Close