Жаңалықтар

Наиб мүфти «Нұр Ғасырдың» үздік шәкірттерін марапаттады

Ағымдағы аптада наиб мүфти Бауыржан Есмахан Ақтөбеге арнайы іссапармен келді.

Сапар барысында Бас мүфти атынан берілген ауызашарға қатысып, ақтөбеліктерге Хазреттің ыстық ықыласын жеткізген болатын. Шара барысында «Нұр Ғасыр» мешітінің ерлерге арналған тоғыз айлық діни сауат ашу курсын үздік аяқтаған шәкірттерін марапаттау рәсімі өтті.

Сертификаттар жалпы тоғыз айлық курс бағдарламасын меңгерген 160 ер, 100 әйел шәкірттің үздіктеріне ғана үлестірілді. Соның ішінде, барлығы 80 шәкірт марапатқа лайық деп танылды. Наиб мүфти Бауыржан Есмахан шәкірттерге Сертификаттарды салтанатпен табыстап, бәріне Құран Кәрім сыйға тарту етті.

Діни сауатты жастарда ғана жат идеологияға төтеп бере алатын берік иммунитет қалыптасатындығын айтқан ол сауат ашу курстары жұмысының деструктивті діни ағымдармен күрестегі рөлін айрықша атап өтті. Шәкірттердің енді бір бөлігін өкіл имам тарауық намазы алдында марапаттады.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close