Сіз білесіз бе?

Мәзхабсыздық дегеніміз не?

Мәзхабсыздық дегеніміз не? Осы сауал төңірегінде ф.ғ.д., профессор Досай Кенжетайдың берген жауабын назарларыңызға ұсынамыз.

Біз конституциямызда Имам Ағзам Ханифаны мойындайтынығымызды көрсеттік. Осыған не себеп болды? Ең бірінші себеп мәзхабтарды жоққа шығару үдерісі белең алуына байланысты. Оны жоққа шығарып жүргендер кімдер? Оны жоққа шығаратын – уахабизм.  Уахабизмнің өзі төрт мәзхабты мойындамайтын  мәзхабсыздық. Яғни мәзхаб атаулыны мойындамайтын өзінше бір мәзхаб деп айту керек. Соған қарсы бүкіл Қазақстан қоғамында діни сана оянып, мәзхабтың бәрін жоққа шығарды.  Сондай-ақ, Имам Ағзам Әбу Ханафи мәзхабын бекіттік.

ХІҮ ғасыр бойы Ислам діні қалыптсаты. Соның негізгі желісі діни тәжірибе. Ал, діни тәжірибе сабақтастықтан тұрады. Имам Ағзам Әбу Ханифаны, одан кейінгі Матруди ақидасының бүкіл шаблондарының барлығын қайталау біздің әдет. Бұл біздің діни тәжірибемізді сақтаудың, діни танымымызды нақтылаудың, діни санамызды әрдайым жаңғыртудың бірден бір жолы. Сондықтан мәзхаб деп осыны, яғни өз жолымызды айтамыз. Бұл біз үшін шарт. Біз егер бұдан ауытқып кететін болсақ, бұны біз платформа ретінде алуымыз керек. Бұл не үшін керек деген кезімізде, біздің өркениеттік әрі болмыстық негізімізді сақтаудың жолы ретінде көрсетеміз. Сондықтан Исламдағы мәзхабымыз Имам Ағзам деген кезіміздегі біздің мақсатымыз сол болмыстық негізді сақтаудың кілті. Ал осы мәзхабтарды жоққа шығару, бүгінгі салафизмде исламдағы интерноционализм сияқты көрінеді. Сондай-ақ, Исламдағы жаһандану үдерісінің айнасы.

Ұлттық негізімізді сақтаудың бірден-бір жолы мәзхабта жатыр. Өзімізді сақтау мен қорғаудың инстинкті тарихи тәжірибемізде жатыр. Сол тәжірибеміздің біреуі – Имам Ағзам Әбу Ханифаның фиқһтық мәзхабы, Матрудидің ақида мәзхабы. Осыларды ұстау арқылы өзіміздің болмыстық ерекшелігімізді сақтап қаламыз. Онсыз мүмкін емес.

 

 

Show More

Басқа жаңалықтар

Close