Жаңалықтар

Мысыр шетелдіктерге азаматтықты сататын болды

Мысыр мәжілісі шамамен 400 мың долларлық инвестиция салған шетелдіктердің ел азаматтығын алу үшін өтініш беру құқығына қатысты жобаны қабылдады.

Жобада «Жеке инвестиция визасымен үздіксіз кемінде 5 жыл Мысырда тұрып,  Мысыр мемлекетінің қазынасына кемінде 7 миллион Мысыр лирасы ақша төлеген шетел азаматтары Ішкі істер министрлігіне азаматтық үшін өтініш беруіне болады» деп жазылған.

Шетелдіктердің азаматтық үшін өтініштерін Ішкі істер министрінің өзі қарайды.

Ал ақша төлеу механизмінің қалай болатыны және шетел азаматтарының ақшасын қай банктер алатыны әлі жарияланбады. Сонымен бірге Мысыр азаматтығының инвесторларға қандай артықшылық әкелетіні де белгісіз.

Ел қазір экономикалық реформалар бағдарламасын іске асырып жатыр.

Show More

Басқа жаңалықтар

Close