Жаңалықтар

Мысыр Таяу Шығыс босқындарынан бас тартты

Астана. 3 шілде. KAZISLAM – Египет билігі Брюссел конференциясындағы саммитте Еуроодақ елдері басшыларының ел территориясында босқындар лагерін ашу талабынан бас тартты.

Египет өкілдері палатасының спикері Әли Әбдел Әлдің айтуынша, босқындарды қабылдау «ел конституциясы мен заңдарына қайшы келеді». «Египетте заң жүзінде босқындарды қабылдауға тыйым салынған. Еуропа елдерінде баспана ала алмаған босқындарды Египетке депортациялау «құқықтық тұрғыда мүмкін емес» болып табылады» дейді Әли Әбдел Әл.

Еске салсақ, Еуропа мемлекеттері басшылары Жерорта теңізі арқылы Еуроодақ елдерін е шыққан босқындарды Египеттің қабылдауы керектігі туралы мәлімдеген еді. Сонымен қатар, босқындарды қабылдаудан Марокко, Тунис, Алжир және Албания елдері де бас тартты.

Show More

Басқа жаңалықтар

Close