Жаңалықтар

Мешіт суреті бар тиын шықты

Астана. 6 қыркүйек. KAZISLAM – Ресей орталық банкі Шешенстан астанасы Грозный қаласының 200 жылдығына арнайы естелік тиынын шығарды. Бұл туралы республиканың бас қаржы мекемесінің баспасөз қызметі хабарлады.

Орталық банк мереке құрметіне 3 рубльді шығарды. Күмістен соғылған тиынның артқы жағында «Грозный қаласының 200 жылдығы» жазуы бар. Келесі бетінде «Шешенстан жүрегі» аталатын Ахмат қажы Қадыров атындағы астаналық мешіттің суреті бейнеленген.

Еске салсақ, Грозный қаласының негізі қаланғанына 200 жыл толуына арналған мереке 5 қазан күні кең көлемде өтеді.

Show More

Басқа жаңалықтар

Close