Жаңалықтар

Ливияда екі күнде 204 босқын мерт болды

Астана. 4 шілде. KAZISLAM – Ливия жағалауында өткен демалыс күндері 204 босқын ажал құшты. БҰҰ Миграция жөніндегі халықаралық ұйымы шығыс Триполиді бағытқа алған теңіздегі резеңке қайықтан 41 босқын құтқарылғанын хабарлады, деп жазады Regnum.ru.

Ұйым мәліметінше, су апатынан 103 босқын, оның ішінде 3 жас бала қаза тапқан. Ливия жағалауындағы жалпы су апатынан мерт болғандар саны 204 адамға жеткен. Биыл Жерорта теңізіндегі осындай су апаттары жиі орын алып, салдарынан мыңдаған адам көз жұмды.

Ливия Жағалау күзеті қызметі биыл 10 мыңнан аса босқын Еуропаға заңсыз бағыт алғанын тіркеген. Жергілікті және халықаралық агенттік мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі кезде Ливияда әлемнің 24 елінің босқындары бар. Олардың 95%-ы Жерорта теңізі арқылы Еуропаға кетуді көздеген африкалық азаматтар.

Show More

Басқа жаңалықтар

Close