Ғибратты әңгімелер

КӨЗ ЖАНАРЫ ҚАЙТА ЖАНҒАН САХАБА

Күндердің күнінде Занира есімді әйел сахаба болады. Ол Исламды қабылдағаны үшін Құрайш тайпасы көсемдерінен қатты азап шегеді. Содан бір күні аталмыш көсемдер меккеліктерді жинап, оны күннің ыстығында сыртқа алып шығып, ең ауыр азапқа душар қылады. Азаптың ауырлығы сонша ол көз жанарынан айрылып қалады. Сол сәтте әлгі көсемдер жиналған қауымға қарап:

— Көрдіңдер ме? Лат пен Уззаның (Меккедегі үлкен пұттардың аты) қаһарын сонша мына Занираның көзін көр етті — дейді мысқылдап. Сонда Занира дауысын көтеріп:

— Жоқ, бұл Аллаһтың ісі — деп айқайлайды. Сол уақытта Аллаһ оған жанарын қайтарып, көзі қайта көрген екен. Бұған куә болған меккеліктер аң-таң болып, Аллаһтың кереметтілігін қайта көрген екен.

 

Жалғас АСХАТҰЛЫ — Дінтанушы       

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close