Жаңалықтар

Имамдарға музейге бару міндеттелді

Астана. 13 шілде. KAZISLAM – Тәжікстан үкіметі жанындағы Дін істері және дәстүрлерді реттеу комитеті республиканың дін қызметкерлеріне тәжік халқының және жалпы әлемнің тарихы мен мәдениетінен тереңірек хабардар болулары үшін музейлер мен тарихи ескерткіштерге баруды міндеттеді, деп хабарлайды Islam.ru.

«Дін қызметкерлері өз елінің тарихын, бабалардың мәдениетін білуге міндетті және дүниетаным заңдылықтары арғы аталарымызға көптеген соғыстар мен қиын-қыстау кезеңдерден өтіп, өз тілі мен мәдениетін сақтауына көмектесті» дейді комитеттің ресми өкілі Афшина Мукима.

Еске сала кетсек, бұған дейін Дін істері комитеті имам-хатыбтарды төзімділік пен жалған діни ұғымдарды сынға алған спектакльдерге қатысуды талап еткен еді.

Show More

Басқа жаңалықтар

Close