Жаңалықтар

Оралда теракті әзірлеген топ ұсталды

Астана. 26 маусым. KAZISLAM – Кеше Орал қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің күшімен радикалды діни топ әрекетіне тосқауыл қойылды. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Арнайы операция барысында теракті ұйымдастыру ісіне қатысы бар 8 адам ұсталды. Атыс қаруы, оқ-дәрілер және діни материалдар алынды.

Күдіктілер Қазақстан аумағында бірқатар террористік актілер жасауға дайындалған, сондай-ақ терроризмді насихаттаған. Қазір олардың мүліктік қылмыстар жасағаны жөнінде тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын, өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайтынын мәлімдеді.

Show More

Басқа жаңалықтар

Close