Жаңалықтар

«Катар-2022 ӘЧ» араб елдерін біріктіреді

Астана. 17 шілде. KAZISLAM – Катар әмірі Тамим бен Хамад әл-Тани РФ президенті Владимир Путинмен кездесуде Футболдан 2022 жылы өтетін ӘЧ араб әлемінде қазіргі саяси келеңсіздіктерді шешуге көмектеседі деп хабарлады.

«Біз 2022 жылғы чемпионатты ерекше етіп өткізуді жоспарлаймыз. Бұл шара барлық араб аймағы үшін маңызды. Өздеріңізге белгілі, қазір араб елдері қиындықтарды бастан кешіріп отыр. Осы чемпионат бізді бұл келеңсіздіктерді шешуге ықпал етеді деп сенеміз» дейді Катар әмірі.

Сонымен қатар, Тамим бен Хамад әл-Тани Ресейде 200 катарлық маман келіп, тәжірибе алмасқанын жеткізді. Ол әріптесі Путинге барлық жағынан қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

Show More

Басқа жаңалықтар

Close