Новости

Йеменде 400 мыңға жуық бала өлім аузында жатыр

Астана. 8 қараша. KAZISLAM –  Йеменде әлемдегі ең үлкен гуманитарлық дағдарыс орын алды. Елде ашаршылық жайлап, миллиондаған адам тырысқақ ауруына шалдыққан. Бұл туралы БҰҰ-ның Азық-түлік бағдарламасы жөніндегі агенттік мәлімдеді.

Ұйым өкілдері тұрғындардың арып-шаршағаны соншалық, жылай алмайтын халге душар болғанын айтады. 2 миллионға жуық бала аш құрсақ. Тағы 400 мыңы өлім алдында. Осыған байланысты ұйым соғысушы тараптардан қақтығысты тоқтатуға шақырып отыр, деп жазады 24.kz.

Ал соңғы мәліметтерге қарағанда, хусит бүлікшілерімен соғысып жатқан араб елдері Ходейда портты қаласын шабуылдауға көшкен. Мақсат – солтүстіктегі хуситтерге қару-жарақ пен азық-түлік жеткізу жолдарын толықтай жабу.

 «Қазір Йемендегі халықаралық ұйым өкілдері ай сайын 8 миллионға жуық адамды тамақтандырып отыр. Егер жағдай өзгермесе, дағдарыс арта береді. Мысалы, Ходейда қаласындағы ұрыстарға байланысты оның тұрығындарына көмек көрсету тоқтап қалуы мүмкін» дейді, БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының баспасөз хатшысы Эрве Верхусель.

Далее

Басқа жаңалықтар

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Close