Ғибратты әңгімелер

Итпен нан бөліскен тұлға

Бұрынғы өткен замандарда Малуф әл-Кархи есімді кісі үйінің алдына шығып қолындағы нанын үзіп жеп отырады. Сол сәтте жанына үйсіз жүрген қарны аш ит келіп оның қолына қарайлайды. Малуф бір өзі жеуден ыңғайсызданып қолындағы нанын итпен бөліседі. Бір бөліп өзі жесе, келесі бөлігін итке беріп отырады. Сол уақытта көшеде бір кісіп өтіп барып Малуфтың әрекетін ерсі көріп былай дейді:

-Итпен бірге ас ішу деген нендей жаман әрекет еді? Ұялмайсың ба?. Сонда Малуф:

-Мен бір өзім нан жеуден іштей ұялып мына итпен бөлісіп отырмын. Менің бұл әрекетім сырт көзге бір қарағанда ерсі болуы мүмкін. Алайда, адам сөйлемес бұрын әр нәрсенің парқын түсініп алу керек деп ойлаймын. Сондықтан, адамның сыртынан сөйлемес бұрын оның расында қандай тұлға екенін танып алу абзал,-деген екен.  

Жалғас АСХАТҰЛЫ,

дінтанушы

Show More

Басқа жаңалықтар

Close