Сіз білесіз бе?

Ислам әлемінің ең бай 10 кәсіпкері

Кәсіпкерлік — бұл Пайғамбарымызға (с.ғ.с ) серік болған кәсіп. Алла елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) жас кезінде ағасымен бірге сауда-саттықпен айналысқан.

Пайғамбардың отбасы мүшелері мен сахабаларымен бірге сауда-саттықпен айналысты және сауда арқылы өмір сүрді. Сондықтан бизнес жүргізу исламға жат нәрсе емес. Керісінше, сауда Исламның тарихындағы негізгі оқиғаларды қаржыландыруға қаражат табуға көмектесті. Бұл сенімнің тағдырын қалыптастырып, діннің таралуына себеп болды. Көптеген аймақтарға ислам діні сауда-саттықтың арқасында ғана таныс болғаны құпия емес. Исламды сауда арқылы таратудың ең айқын мысалы Батыс Африканың елдері. Онда ислам Сахараның сауда жолдары арқылы таралды.

Қазіргі әлемде мұсылмандар сауда-саттықпен ғана емес, басқа да бизнес түрлерімен айналысады. Олардың кейбіреулері үлкен жетістікке жетіп, бай адамдарға айналды.

Біз сіздің назарыңызға ислам әлемінің ең бай бизнесмендерінің TOP ондығын ұсынамыз.

  1. Әзім Хашим Прем — оның байлығы 18,5 миллиард долларға бағаланған. Үндістандық кәсіпкер Прайп Wipro Limited компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы. Ол Үндістандағы ірі бағдарламалық жасақтама компанияларының бірі Wipro Technologies компаниясына тиесілі.
  2. Ханзада Аль-Валид Бин Талал — оның байлығы 17,7 миллиард долларға бағаланған. Ханзада Талал — қонақ үй бизнесі, банк, медиа және мұнай өндіру саласына инвестиция салумен айналысатын Kingdom Holding Co–ның негізін салушы және бас атқарушы.
  3. Алико Дангот — оның байлығы 13,8 миллиард долларға бағаланады екен. Нигерия кәсіпкері Dangote компаниялар тобының иесі, ол негізінен шикізатты сатып алуға және сатуға қатысты. Нигериядан басқа, оның компаниялары Африка, Бенин, Камерун, Гана, Оңтүстік Африка, Того, Танзания және Замбия сияқты елдерде бар.
  4. Мохаммад ибн Исса әл-Жабер — оның байлығы 8,7 миллиард долларға бағаланған. Аль-Джабер MBI International & Partners бас директоры және бас атқарушы директоры. Бұл топқа бүкіл әлем бойынша JW Hotels мен Resorts кіреді.
  5. Мұхаммед Әл-Амуди — оның байлығы 8,4 млрд. Доллар екен. Эфиопиялық бизнесмен оның табысын Эфиопияда алтын өндіруге, өңдеуге және цемент өндіруге инвестициялады.
  6. Искандер Махмудов — оның байлығы 7,3 миллиард долларға бағаланып отыр. Махмудов — өзбек ұлтының ресейлік бизнесмені. Ол Орал кен-металлургия компаниясының негізін қалаушы және президенті.
  7. Шахид Хан — оның байлығы 7,2 млрд. АҚШ доллары. Пакистандық бизнесмен американдық Джексонвилл Ягуарс футбол клубының иесі, сондай-ақ ағылшын Фулхэм футбол командасына да иелік етеді. Бұдан басқа, Шахид-хан Flex-N-Gate компаниясы Urbana, Иллинойс штатында автокөліктер шығарумен айналысады.
  8. Сүлеймен Керімов — оның байлығы 6,4 миллиард долларға бағаланған. Ол танымал ресейлік бизнесмен және саясаткер. Банк және авиакомпанияларға инвестициялар құяды екен.
  9. Наджиб Микати – оның байлығы 2,7 миллиард доллар екен. Наджиб Микати телекоммуникациялық компания Investcom-ның негізін қалаушылардың бірі болды, бірақ ол саяси мансапты бастаған және Ливанның премьер-министрі болған кезде өз үлесін сатты.
  10. Мұхтар әл-Бухари — оның байлығы 1,85 млрд. долларға бағаланған. Малайзия кәсіпкері электр энергиясын өндіру, тасымалдау және логистика секілді бизнестің түрлі салаларына инвестиция салумен айналысады.
Show More

Басқа жаңалықтар

Close