Ислам негіздері

Исламнан 10 сұрақ

  1. Жұма намазының үкімі?

Ер адамдарға парыз.

  1. Зекет дегеніміз не?

Нисап көлеміне жететін дәулеті бар мұсылманның Алла разылығы үшін байлығының белгілі бір бөлігін шариғатқа сай жылына бір мәрте Құранда көрсетілген белгілі бір адамға беру.

  1. Қажылықтың парызы қанша?

3 парызы бар: 1-Ихрамға кірерде ниет ету; 2-Арафатта тұру; 3-Қағбаны тауап ету.

  1. Жауапкершілігі жағынан ең үлкен періштелер?

Жәбірейіл, Әзірейіл, Микайл, Исрафил.

  1. Мүнкәр мен Нәкир қандай періште?

Қабірде сұраққа тартатын періштелер.

  1. Муһажир деген кім?

Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) бірге Меккеден Мәдинаға көшкендер.

  1. Ансар деп кімді айтқан?

Муһажилерге көп жәрдем еткен мәдиналық мұсылмандар.

  1. Сахаба деген кім?

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) көзін көріп, иман келтіргендер.

  1. Табиғин деген кім?

Сахабаларды көрген мұсылмандар.

  1. Ғұсылы жоқ адамға тыйым салынатын істер:

Қағбаны тауап ету, Құранды ұстау, оқу, Мешітке кіру.

 

 

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Close