Ислам негіздері

Исламнан 10 сұрақ

  1. Балиғат жасы қай жастан басталады?

Ер балаларда 12-15 жас аралығы; Қыз балаларда 9-12 жас аралығы.

  1. 32 парызды санап бер?

Иманда – 6,

Исламда – 5,

Дәретте – 4,

Бой дәретте – 3

Тәйәммүмде – 2

Намазда – 12 парыз.

  1. Иман шарттары қандай?
  • Алланың бар және бір екеніне;
  • Алланың періштелеріне;
  • Алланың айғамбарларына;
  • Алланың кітаптарына;
  • Ақырет күніне;
  • Жақсылық пен жамандықтың Алладан екеніне шын жүректен илану.
  1. Шариғаттағы дәлелдер қайсы?

Құран, сүннет, ижмағ, қияс

  1. Исламның алғашқы азаншысы?

Біләл әл-Хабаши

  1. Салауат дегеніміз не?

Алла елшісіне (с.ғ.с.) айтылатын ерекше дұға.

  1. Миғраж дегеніміз не?

Пайғамбардың (с.ғ.с.) Ұлы Жаратушыға көтерілуі.

  1. Құранда қанша пайғамбардың есімі аталған?

25

  1. Мүмин деген кім?

Аллаға, Оның Елшісіне және Ислам дінінің әкелген барлық діни үкімдеріне жан тәнімен иланған, иман еткен кісі.

  1. Мұнафық деген кім?

Имансыз бола тұра, өтірік мұсылман болып көрінген екі жүзді кісі.

Жалғасы бар…

 

Show More

Басқа жаңалықтар

Close