Сіз білесіз бе?

Иранда әйелдерге қандай шектеулер қойылады?

Таяуда Иран әйелдері 40 жыл бойы тыйым салынып келген бір еркіндікке қол жеткізді. Ол – ерлер футболын көру. Осыған дейін Иран әйелдерге футбол көруге тыйым салатын жалғыз ел болған. Осыған байланысты Парсы еліндегі әйелдер құқығы туралы сөз етпекпіз.

Иран елінің заңы бойынша әйел — ер адамның жартысы. Ер адамдармен тең құқықтары жоқ. Олар ажырасуға, еңбек ету құқығына, ажырасқан жағдайда балаларды тәрбиелеу құқығына, шетелде еркін жүруге ие азаматтық құқықтарға ие болуды мақсат етеді. Бүгінде олар осы құқықтарға әкесі немесе күйеуінің рұқсатымен ғана қол жеткізеді.

Елде бұл шектеулерге қарсы шығып, әйел құқығының тапталмауы үшін жұмыс істейтін белсенді әйелдер бар. Алайда, әйелдер теңдігін орнату жолында күресетін нәзік жандарға аяушылық танытпайды. Тіпті, олардың кейбірі қатаң заңмен қудаланған. Мысалы, Насрин Сотудех – 11 жыл бас бостандығынан айырылып, 20 жылға заңгерлік құқықығынан айырылған.

Насрин Сотудех

Бірақ мұндай қысымға қарамастан, әйелдер Иран қоғамында маңызды рөлге ие. Олар университетте, демонстрацияларда, тіпті парламентте қызмет атқарады. Сондай-ақ, қолданыстағы заңдарды өзгертуге арналған «Бір миллион қолтаңба» сияқты науқандарды жүргізеді. Бірақ жоғарыда көрсеткендей, олар қаншалықты белсенді болса, соғұрлым күшті режим олардың құқықтарын шектейді.

Парсы елінде әйелдерге өзге қандай тыйым бар екеніне тоқталсақ.

  1. Ирандық әйел әрдайым мынадай киімдер киюге тиіс: орамал, ұзын киім және кең шалбар.
  2. Ислам революциясынан, яғни 35 жылдан бері Иранда әйелдер орамалсыз үйден шығуға тыйым салады. Орамал тағу мәселесі елдегі ең даулы мәселе. 7000 арнайы полиция қызметкерлері көшеде әйелдердің орамал тағу тәртібін мұқият қадағалап отырады.
  3. 40 жасқа дейінгі жалғыз басты әйелдерді әкесі мен ағасының рұқсатынсыз елден шығуға тыйым салады.
  4. Мериван қаласының солтүстік-батыс бөлігінде велосипедпен жүрген әйелдердің тобы қамауға алынды. Иранның ұлттық тыйым комитетінің мәлімдеуінше, 2016 жылдың мамыр айынан қаланың көшелерінде әйелдерге велосипедке мінуге тыйым салатын белгілер пайда болды. Велосипедті тек арнайы өздеріне арналған саябақтарында айдауға рұқсат етіледі.
  5. Мекемелерде арнайы әйелдерге бөлек кеңселер бар. Қоғамдық көліктердің нәзік жандарға арналғаны, салондардың тек әйелдер баратын болып бөлінеді және олар қызметтердің тек өздеріне арналған түрін ғана қолдана алады.
  6. Ер адам кез-келген уақытта өз әйелінен ажырасып, балаларды өзіне қалдыруға құқылы. Елде әйел судья мүлде жоқ. Сотта әрдайым ерлер тарапы бір саты жоғары тұрады. 
  7. Иранда әйелдерге деген мұндай көзқарас бұрыннан болмағанын білу керек. Осыдан екі жарым мың жыл бұрын мұнда матриархия таралды. Әйелдер сол кезде мемлекеттерді басқарып, сауда жасайтын. Бірақ Пахлави әулеті билікке келуімен ережелер өзгере бастады.
  8. 1936-1941 жж. тіпті хиджаб киюге тыйым салынған болатын, ал 1980 жылы ислам революциясына дейін әйелдер ерлермен тең құқыққа ие болды.
  9. Әйелді жазалаудың танымал әдісі – сірке суын бетке шашу. Бұл жазаны қыз күйеуге шығудан бас тартса, ажырасуға ниет білдірсе немесе опасыздық жасады деп күдіктенсе қолданады.
  10. Иранда неке адалдығын бұзу, сондай-ақ әйелдерге некеден тыс қарым-қатынастар үшін ауыр жаза қарастырылған. Ол — ұрып-соғу немесе таспен атқылау арқылы өлім жазасы.

Бір қызығы, Иранда ерлерге де тыйымдар бар екен. Олар киім дизайны мен акушерлікті оқи алмайды.

Дайындаған: Мадина Жанғазиева
Show More

Басқа жаңалықтар

Close