Жаңалықтар

Иордания Израильге қарсы нота жіберді

Астана. 24 шілде. KAZISLAM – Иордания елшісі «еврей радикалдарының әл-Ақса» мешіті территориясына баса-көктеп кіруіне байланысты» Израиль СІМ-не қарсылық нотасын жіберді.

Иордания Израильге мыңнан аса «еврей радикалдарының» «Тоғызыншы ава» күні израильдік полицейлерге көмектесу үшін «әл-Ақса» мешіті территориясына басып кіргені үшін айып тағып отыр.

«Курсор» басылымының мәліметінше, сол күні таңертеңгілік уақытта 1008 еврей «әл-Ақса» тауына көтерілген.

Олардың «әл-Ақса» мешітіне кіруі туралы Израиль тарапы еш хабар жарияламады, алайда, Иордания мыңдаған еврей «әл-Ақса» мешітінің ауласына кіруге тырысқанын, осыған байланысты қарсылық білдіретінін мәлімдеді. Иордания нотасында бұл әрекеттер «басқыншы мемлекет тарапынан халықаралық құқық бұзылды» деп аталды.

Show More

Басқа жаңалықтар

Close