Жаңалықтар

Индонезияда көне дәуір суреттері табылды

Астана. 9 қараша. KAZISLAM – Индонезияның Калимантан аралында археологтар көне дәуірге тиесілі жартасқа салынған суреттерді анықтады,-деп жазады Islam-today.

Ғалымдардың болжамынша, жартастағы суреттердің жасы 40 мың жылдан асады. Nature журналының хабарлауынша, көне сурет аралдың шығыс бөлігіндегі әктасты үңгірден табылған. Суретте сиыр бейнесіне келетін жануарлар салынған. Сондай-ақ, адамның алақаны, саусақтары бар суреттер де табылған. Сарапшылар бұл сурет 40-52 мың жыл бұрын салынған болуы мүмкін деген болжам айтады.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close