Жаңалықтар

Израиль Сирияға әуеден соққы берді

Астана. 12 шілде. KAZISLAM – Израиль әуе күштері Эль-Кунейтра қаласының маңайында орналасқан Сирия әскерінің үш нысанына бірнеше ракеталық соққы жасады, деп хабарлайды 24.kz.

Сирияның әуе қорғанысы бұлардың кейбіріне төтеп берді. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары осы оқиғаға қатысты зардап шеккендердің жоқ екенін және тек материалдық шығын ғана болғаны туралы хабарлады.  Израильдіктер бұл әрекетін Сирия ұшағының әуе кеңістігіне басып кіруіне жауап деп түсіндірді. Израиль әскері оқиға соққыға дейін бірнеше сағат бұрын басталғанын алға тартты. Соңғы мәліметтерге сәйкес, дрон құлатылды.

Show More

Басқа жаңалықтар

Close