Жаңалықтар

Зейнеткер қажылыққа жиған қаржыға көпір салдырды

Астана. 10 шілде. KAZISLAM – Тәжікстанның Соғды облысы Метк ауданында зейнеткер ұзақ жылдар қажылыққа жинаған қаржысына көпір салдырды. Автокөлік көпірі салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Islam-today.

78 жастағы Махтоб Фозилова қажылыққа деп жинаған қаражатын ауылдастарына сыйлап, таулы аймақты мекен еткен өңір тұрғындарының өмірін жақсартуға шешім қабылдаған.

Аталмыш көпір бір айға жетер-жетпес мерзімде тұрғызылды. Айта кетсек, биыл Тәжікстан азаматтары үшін қажылық сапары 33, 41 мың сомон, яғни 3,65 мың долларға бағаланған. Зейнеткер бұл сомадан екі есе көп қаражат – 70 мың сомон, 7,6 мың доллар қаражатын садақа еткен.

Show More

Басқа жаңалықтар

Close