Ғибратты әңгімелер

Жүректі бұзылудан сақтаңыз!

Күндердің күнінде бір ұстаз дәріс беру барысында оқушыларға өздері ұнатпайтын адамның аты-жөнін таза параққа жазып, ертесіне сабаққа алып келулерін өтінеді. Таң атысымен оқушылар қолдарына парақтарын алып сабаққа келеді. Біреуінде 5 адамның есімі болса, екіншісінде 10 адамның есімі жазылған-ды. Сонда ұстаз оларға:

-Кім қанша адамның атын жазса, сонша қызанақ алып келіңдер,деп, қайта тапсырма береді. Барлығы жазған адамның саны бойынша қызанақтарын алып келеді. Ұстаз:

— Енді осы қызанақты қоржынға салып, 10 күн бойы қайда жүрсеңдер де жандарыңда ұстаңдар,-дейді. Оқушылар мақұлдап, күнде сабаққа қызанақтарын көтеріп келеді. Содан бір апта өтіп, әлгі оқушылар:

— Ұстаз, мына қызанақты бұдан әрі алып жүру мүмкін емес. Олар бұзылып, тіпті, иістеніп кетті. Енді не қыламыз?-деп сұрайды. Сол уақытта ұстаз:

— Мен сендерге өмірлік тәжірибе көрсеттім. Адамның жүрегі де дәл осы қызанақ секілді болады. Егер сендер бір адамды қатты жек көріп, оған деген көңіліңе қарап жүрегің де бұзыла бастайды. Сендер мына қызанақты 10 күн алып жүре алмадыңдар. Ал, жүректеріңді біреуге ренжіп, жаман ойда болып, осы уақытқа дейін алып жүрсіңдер. Ендеше жүректің жағдайына көбірек көңіл бөліңдер. Жүректі бұзылудан сақтаңдар! Себебі, ол бұзылатын болса адамның бүкіл жаратылыс болмысы бұзылады,-деген екен.

Жалғас АСХАТҰЛЫ,

дінтанушы

Show More

Басқа жаңалықтар

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Close