Жаңалықтар

Жол апаты туралы фото-бейнежазба тарату – 41 мың доллар айыппұл!

Астана. 18 шілде. KAZISLAM – Жол-көлік оқиғаларының қандай да бір түсірілімін, фотосуреттері мен бейнежазбаларын әлеуметтік желілерде тарату 150 мың дирхамға (41 мың доллар)  дейін айыппұл төлеуге алып келеді, деп хабарлайды Islamsunna.org.

Абу-Даби полициясы осы құқықбұзушылық бойынша жыл басынан бері 71 адамға айыппұл салынғанын хабарлады. Ведомство мәліметінше, апат болған жерге жиылған адамдар апатқа ұшыраған адамдардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ, жүргізушілер мен жолаушыларға қауіп төндіретінін ескертеді. Әсіресе, құтқарушылар мен медициналық қызметкерлердің жұмысына кедергілер келтіреді.

Жол қозғалысына кедергі жасаған азаматтар 1 000 дирхам, яғни 273 доллар айыппұл төлейді. Бұдан бөлек, оқиғаны көру үшін көлігін жақын маңға тоқтатуға да тыйым салынады.

«Өзге көлік жүргізушілері зардап шеккен адамға көмектесу үшін тоқтаса да, біз қауіпсіздікті сақтауға шақырамыз. Сіз мейлі жүргізуші, жолаушы немесе жаяу жүргінші болсаңыз да, жол-көлік оқиғасы болған орынға жақындамаңыз, қозғалысты шектемеңіз, әсіресе, ол көріністерді фотоға түсіріп не бейнежазба жасап, әлеуметтік желілерге таратуға болмайды» делінген полиция мәлімдемесінде.

Show More

Басқа жаңалықтар

Close