Қазақ мешіттері

«Жаркент мешіті». Қазақстандағы «қытайлық үлгідегі» мешіт

«Жаркент мешіті» — ХІХ ғасырға жататын сәулет өнері ескерткіші, мешіт Қытаймен шекаралас жатқан Жаркент қаласында орналасқан.

Жалпы, мешіттің құрылысына байланысты аңызға бергісіз тарихы бар. 1887 жылы мұсылман қауымның кезекті жиынында жаңа мешіт құрылысына қаражат жинау жөнінде шешім қабылданады.

Архитектурно-художественный комплекс

Мешітті салу тарихы таңғаларлық және шығыстың ертегісіне ұқсас. 1887 жылы мұсылман қауымының жиналысының бірінде мешітті салу үшін қаражат жинау жөнінде шешім қабылданды. Басты демеуші және ұйымдастырушы бірінші гильдияның көпесі Вали Ахун Юлдашев болды. Ол басты жарнаны салды. Ойлаған ойды іске асыру үшін бүкіл өлкеден жүзден астам шебер құрылысшыларды жинады. Мешіттің құрылысы мен безендіруді шеберлер Хасан Иманов, Тайыр Исмаилов, Насретдин Қара, Әбдуқыдар, Ұшырбақа, Зайнутдин және т.б. қатысып, құрылысты Хон Пике (Мұқан) басқарған.

Көне ғимараттың басты ерекшелігі – қытай үлгісінде салынуында. Келбетіне сұқтанған қонақтарды мешіттің құрылу тарихы қызықтырды. Аспан асты елінің мәдениетінен сыр шертетін сәулет туындысының артында қытай сәулетшісі тұрғаны белгілі болды. Будда ғибадатханасының кей элементтерін пайдалана отырып, қытай сәулет өнерінің үлгісінде мұсылман мешітін тұрғызу Хон Пик есімді шебердің жетекшілігімен жүргізілді.

Ауқатты бай-көпестер негізгі шығынды өз мойындарына алып, жан-жақтан жүзге жуық тәжірибелі шебер құрылысшыларды жинайды. Осылайша, бас сәулетші Хон Пиктің нұсқаулығымен бойына бірнеше елдің мәдениетін біріктірген мешіт құрылысы басталып кетеді

Бұл ғажап ғимарат 1895 жылы қытайлық сәулетші Хон Пиктің жобасы негізінде салынған.

Ансамбль Қытай және Орта Азияның сәулеттік бөлшектеріне сәйкестендіріп жүргізілген. Кешеннің құрамына кіретіндер: мешіт ғимараты, басты кіру-порталы, медресе, дұға оқитын үй, қақпа-қоршаулар. Мешіт ғимараты кешен композициясының негізгі элементі болып табылады. Ауланың ортасында орналасқан /55х29м/ биік емес кірпіш және ағаштар қатарымен қоршалынған. Ғимарат сүйеніштері 68 ағаш бағандардан тұрады. Ғимараттың ішкі сәулетінде қытай сәулетінің элементтері қолданылған: төбесіне және ғимаратты айнала биіктігі 3,6м, диаметрі 0,3 м болатын 52 қатар орнатылған. Бөлменің ішкі көрінісін ұйғырдың халық шебері Хасен Пулат безендірген және Орта Азия сәулетін пайдаланған. Ішкі қабырғалары гипспен сыланған. Басты кіру-порталы шығысқа қаратылған және биіктігі 12,3м Орта Азия сәулетімен жасалынған. Негізгі құрылымы мен мінездемесі Самарқандағы Шир-Дор медресесін еске түсіреді. Орталық бөлігі арка түрінде 2,4м жуандықта салынған. Арканың артқы қабырғасында мерекелік екіжақты ашылатын есігі бар. Ауланың бет жағында 3 күмбезді көлеммен жоғарылатылған мешіт – мұнарасы көрінеді.

Кешеннің жалпы жобасына бас қақпа, күнделікті бес уақыт намаз оқылатын кіші мешіт, медресе, үлкен жұма мешіті, күйдірілген көк кірпіштен қаланған сәнді дуал қоршау, оңтүстік және солтүстік жағындағы қосымша шағын қақпалар енді.

Тарихқа сүйенсек, Хон Пик өз еліне оралғанда қытай сәулет өнерінің құпиясын ашып, қазақ жерінде бірегей құрылыс нысанын тұрғызғаны үшін өлім жазасына кесілген екен.

Мечеть без единого гвоздя в Жаркенте – удивительный памятник зодчества на Великом Шелковом пути

Мечеть без единого гвоздя в Жаркенте – удивительный памятник зодчества на Великом Шелковом пути

13154

Show More

Басқа жаңалықтар

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Close