Жаңалықтар

Ердоған Орта Азиядағы үлкен мешіттің ашылу рәсіміне қатысты

Астана. 4 қыркүйек. KAZISLAM – Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Қырғыз басшысы Сооронбай Жээнбеков Бішкекте Орта Азиядағы ең ірі мешіттің бірі саналатын жаңа мешіттің ашылу рәсіміне қатысты.

Қырғыз президентінің айтуынша, мешіт құрылысының жобасы Түркия тарапының қолдауының нәтижесінде жүзеге асырылған. «Мешіт құрылысына Түркияның ең мықты архитекторлары, инженерлері мен құрылыс компаниялары атсалысты. Бауырлас түрік халқы мен құрылысшыларына зор алғысымды білдіремін» деді Қырғыз басшысы С.Жээнбеков.

Айта кету керек, мешіт құрылысы 2012 жылы басталып, құрылыс жұмыстарына 25 миллион доллар қаражат жұмсалған. Құлшылық үйіне ислам әлемінің белгілі ғалымы имам Сарахси есімі берілген. Осман сәулеті негізінде тұрғызылған мешітте бір мезетте 6 мың адам намаз оқи алады, бұдан бөлек 10 мыңнан аса адам мешіт ауласына сыяды. Сонымен қатар, мешіт кешенінде діни білім беру сыныптары мен конференц-залы бар.

Show More

Басқа жаңалықтар

Close