Басты тақырыпЖаңалықтар

Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі басталды

Астана. 10 қазан. KAZISLAM – Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі басталды.

Үш жыл сайын тұрақты түрде Астана қаласында өтіп келе жатқан, 15 жылдық тарихы бар бірегей шара діни көшбасшылардың кеңесімен басталды. Бұл отырысты ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ашса, сәлден кейін ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Діни көшбасшылар қауіпсіз әлемді жақтайды» тақырыбында жалпы отырыс өтеді. Съезд екі күнге жалғаспақ және оған барлық әлемдік және дәстүрлі діндердің өкілдері, беделді діни көшбасшылар, саяси қайраткерлер мен халықаралық ұйым өкілдерінен құралған 46 елден 82 делегация қатысып отыр.

Съезд төрт негізгі бағыт бойынша өтеді. Олар: 1-ші секциялық отырыс. «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі» жаһандық қауіпсіздік тұжырымдамасы ретінде».

2-ші секциялық отырыс. «Құбылмалы геосаясат жағдайындағы діндер: адамзатты біріктіруге арналған жаңа мүмкіндіктер».

3-ші секциялық отырыс. «Дін және жаһандану: сын-тегеуіріндер мен жауаптар».

4-ші секциялық отырыс. «Дін көшбасшылары мен саяси қайраткерлер экстремизм мен терроризмді еңсеру жолында».

 

 

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close