Ислам және отбасы

Екі жастың арасын жарастырған Халифа

«Адамзаттың алтын дәуірі» саналған Осман ибн Аффанның (р.а.) халифалығы тұсында  бір әйел кісі тұрмыс құрған еді. Содан 6 айдан кейін дүниеге бала алып келеді. Бұны көрген күйеуі оған:

— Әдетте әйел адам 7 ай не 9 айда бала босанады. Ал, сен 6 айда босандың. Демек, бұл бала маған дейін сенің құрсағыңа енген болуы керек,-деп әйелдің қолынан жетектеп жазалау үшін халифа Осман ибн Аффанға (р.а.) алып келеді. Сол уақытта халифаның алдында Али ибн Әбу Талиб (р.а.) отырды. Мән жағдайды түсіндіргеннен кейін Али ибн Әбу Талиб (р.а.):

-Сенің бұл себеппен әйелді жазалауың дұрыс емес,-дейді. Бұған таңырқаған күйеуі:

-Неге?-деп  орнынан тұрады. Сонда Али ибн Әбу Талиб сөзін жалғастырып:

-Әйел адам құрсақ көтергеннен бастап, босанып сосын оны емізу мен омыраудан шығару аралығындағы жалпы уақыт 30 ай болады. Мәселен, Құранда: «Аналар балаларын толық екі жыл емізеді»,-делінген. Демек, мұндағы екі жыл дегеніміз 24 ай емізулі кезең болса, қалған 6 ай оның құрсақ көтерген уақыты болады. Сол үшін әйел адам жаратылысында құрсақ көтерсе оны 6 айда босануы әбден мүмкін,-деп қорытындылады. Мұндай жауапты естіген әйелдің күйеуі сабасына түскен екен.        

Жалғас АСХАТҰЛЫ,

дінтанушы

 

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Close