Жаңалықтар

Египет парламенті ұлттық футбол құрамасын тергемек

Мысырдың жастар және спорт жөніндегі парламенттік комитеті Ресейде өтіп жатқан Әлем кубогында ұлттық футбол командасының сәтсіздіктерін зерттейтін арнайы комиссия құру туралы жариялады.

Еске сала кетейік, Египет құрамасы әлем чемпионатында жеңіске жете алмады.

Ел парламентінің депутаттары аргентиналық жаттықтырушы Эктор Куперді және ойыншылардың «ұлттық құраманы және бүкіл елді масқаралағанын» айыптады.

Ауқымды тергеу шеңберінде тек ұлттық құраманың және жаттықтырушылар құрамының жұмысы тексерілмейді, сонымен бірге елдің футбол қауымдастығының қызметін де сынақтан өткізбек.

Айта кету керек, парламентарийлердің талаптары тізімінде — Шешенстан астанасы Грозный да матч өтетін орыннан алыс екенін де атап өтті.

Сондай-ақ, қонақ үйде ойыншыларға қажетті жағдайлар жасалмады деген пікірде.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close