Ислам и молодежь

«Дәстүрлі діни таным негіздері және қазақ қызы»

Отбасылық құндылықтарды сақтай отырып, қоғамды рухани дамытудың жолдарын іздестіру, қазіргі таңдағы діндар әйел келбетін қалыптастыру, дін мен дәстүр сабақтастығын айқындау, қыз бала тәрбиесі мен олардың құқықтарын қорғау мәселелері және басқа да өзекті тақырыптар бүгінгі Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасы мен дін проблемаларын зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен «Қыз Жібек» клубының жетекшілері мен мүшелеріне арналған оқыту сминарында талқыланды.

Семинардың мақсаты дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алуға байланысты ұлттық діни танымды насихаттау, қазақтың тарихи дара тұлға – аруларының ерекше қасиеттерін жинақтау арқылы қазақ қызына үлгілі бейне қалыптастыру. Жалпы саны 4000 мыңға жуық мүшесі бар “Қыз Жібек” клубы облыс аумағында көптеген іс-шараның өтуіне мұрындық болып жүр. Солардың бірі, аталмыш оқыту семинары. Оған 250-ге жуық  клуб мүшелері мен қыз-келіншектер қатысты. Кездесуді Дін істері басқармасының бөлім басшысы С.Байбатшаева құттықтау сөзімен ашты.

Одан ары жиын «Конфессия аралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС-ң директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Раздықова Гулназ Мақсұтқызының, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Тунгатова Улжан Аскарбековнаның,  Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің исламтану кафедрасының оқытушысы, профессор, доценті Адилбаева Шамшат Амангелдіқызының,  ҚазОА вице президенті, RWCT тренері, «Сыни ойлауды дамыту» ҚБ-ң директоры Токебаева Назым Ділтайқызының мәнді де мағыналы дәрістерімен жалғасты. Дәріскерлер өз сөздерінде, қоғамдағы дін мен әйел адамның рөлі және қыз-балалардың тәрбиелік ерекшелігі туралы, мемлекеттің дін саласындағы саясаты, дәстүрлі емес діни ағымдардың белгілері, дәстүрлі діни танымның құндылықтары мен қазақ қыздарының дәстүрлі киім үлгілерін насихаттау мәселелері тереңінен айтылып, отбасы құндылықтарының бірі қызды қырық үйден тыю, бала тәрбиесі, үлкенге құрмет кішіге ізет туралы толық түсіндірулер берілді.

Сонымен қатар, дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегінде кетпеудің жолдары туралы толыққанды мағлұмат беріліп, Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының басым бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, семинар қатысушылары өзара пікір алмасып, толғандырған сұрақтарына жауаптар алды.

Жиын соңында,“Қыз Жібек” клубында оңтайлы қызмет атқарған клуб мүшелері, облыс әкімдігінің дін істері басқармасының “Aлғыс хатымен” марапатталды.

Далее

Басқа жаңалықтар

Close