Ғибратты әңгімелер

Діни талас-тартыс

Өз заманында діни көзқарастардың көптігін көріп өскен Әбу Ханифа ислам мәдениетімен жақын танысып, бірнеше хадистерді бойына сіңіріп білім нәрінен көп сусынданды. Бұған қоса Имам араб тілі грамматикасын, әдебиетін және поэзияны біршама меңгерді. Осындай әртүрлі діни ілімдерді шыңдағаннан соң Имам түрлі діни топтармен ақида мәселесінде пікірталасқа түсуді әдетке айналдырды.

Пікірталастың соңына түскен Имам кейде Басра қаласына барып, онда бір жылдай шамасында түрлі діни топтармен айтысқа түсетін. Осылайша Имам фиқһ іліміне келмей тұрып ақида мәселесінде пікірталаспен айналысқан. Фиқһ іліміне келгеннен кейін де Имам шейттер мен хауариждер арасында діни айтыстарға қатысып тұрған.

Алайда, ол діни пікірталастың соңы жанжалмен, өшпендікпен аяқталмауын жіті қадағалап, халықты одан тыйып жүретін. Бірде Имам өзінің ұлы Хамадты діни таласқа түскенін көріп, оны талас-тартысқа түсуден қайтарған болатын. Мұны көрген халық Имамға:

 – Біз сені діни талас арасында көп көреміз, ал сен бізді одан тыйғаның қалай? — деді. Сонда Әбу Ханифа:

 – Біз діни таласта бір-біріміздің дәрежемізді төмендетіп, ренжітіп не болмаса өшпенділік танытудан өте сақ болатынбыз. Ал, сендер бір-біріңнің намыстарыңа тиіп, өзгенің дәрежесін төмендетуді мақсат етесіңдер. Кімде-кім осы мақсатты ұстанса, ол бауырына күпірлік қалағаны. Ал, кімде-кім бауырына күпірлік қаласа сол ниеті үшін ол бауырынан бұрын кәпір болады, — деп жауап берген екен.

Жалғас АСХАТҰЛЫ — Дінтанушы

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Close