Ислам және жастар

Денеге сурет салғызса не болады?

Денеге сурет салу шариғатқа қайшы ма? Адам қайтыс болғанда сурет салынған жерді кесіп алып тастайды деген түсінік бар. Бұл дұрыс па? Осы сауалдар төңірегінде ҚМДБ «Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы жауабын назарларыңызға ұсынамыз.   

Денеге сурет салу мәселесіне келгенде, бұған шариғатымыз үзілді-кесілді жол бермейді. Яғн  шарихат бойынша дұрыс болып саналмайды. Бұның үкімін, тіпті, харам деп айтқан. Себебі адам баласының денесін Алла тағала ең көрікті етіп жаратқан. Сондықтан ол көріктілікті өзгерткен болып саналады. Пайғамбарымыз бұл туралы бізге қатаң түрде ескертті: «Суретті салған және салдырған адамдарға лағнат жаусын» деп айтқан. Міне осы хадистен түсіне келе айтатынымыз сурет салуға мүлде болмайды.

Ал сурет салдырып қойғанда не істеу керек?

Ондай жағдайда шама келгенше кетіру керек. Ал кетіре алмаған жағдайда тәубаға келу керек. Өйткені Алла тағала Құранда, шын ниетпен етілген тәуба қабыл етіледі деп аяттарда ескерткен. Сондықтан біз істеген ісімізге өкініп, сол суретіміздің кетпегеніне кешірім сұрап, Аллаға тілек-дұға жасайтын болсақ, Алла кешірмейтін күнә болмайды.

Сурет салу мәселесі туралы Құранда «Ниса» сүресінің 119-аятында бұның болмайтындығы жөнінде айтылған. Сурет салу исламнан бұрын жәһилия дәуірінде кеңінен тараған нәрселердің бірі. Яғни Аллаға сенбеген, Исламнан бейхабар болған адамдар өздерінің тірі құдайы деп санаған пұттарының суреттерін денесіне, кеудесіне және қолдарына салып,  соған табынып жүретін болған. Сонда, Ислам діні келген кезде, бұл әрекеттердің барлығы Исламға қайшы екенін пайғамбар бізге жеткізді.

Show More

Басқа жаңалықтар

Close