Басты тақырыпЖаңалықтар

ДАРХАН КӘЛЕТАЕВ ОРАЗА АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Еліміздің мұсылман қауымы!
Құрметті отандастар!

Сіздерді әлемнің күллі мұсылман үмбеті қасиет тұтанын ұлық мереке Ораза айтымен шын жүректен құттықтаймын!
Адамзат баласын татулыққа, тыныштыққа, қайырымдылық пен бейбіт өмір сүруге үндейтін ислам дінінің игі қасиеттері осы Ораза айында кеңінен көрінді.

Ораза айт – біздің ұлттық құндылықтарымызбен сабақтасқан дәстүріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Осы күн Қазақстандағы мұсылман қауымының болмысына біте қайнасқан қастерлі мерекесі.
Рамазан айында еліміздегі мешіттерде күн сайын ауызашар беріліп, исламның татулық пен тағаттылықтың, жасампаздық пен жарасымдылықтың діні екенін нақты ісімен көрсетті.

Ораза айт мерекесі – бейбітшілік пен келісімнің белдеуіне айналған Қазақстанның бірлігін күшейтіп, көпконфессиялы, көпұлтты еліміздің бауырластығын бұдан әрі арттыра түсері сөзсіз.

Осы орайда, Қасиетті Ораза айт мерекесінде баршаңызға жақсылық, әрбір шаңыраққа бақ-береке тілеймін.
Тұтқан оразаларыңыз, жасаған ізгі амалдарыңыз қабыл болсын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, мемлекетіміздің болашағы жарқын, әрі баянды болсын!

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close