Жаңалықтар

ДАИШ-қа кірген шешен жастары үндеу жариялады

Астана. 6 желтоқсан. KAZISLAM – ДАИШ террористік ұйымы Шешенстанның өрімдей жас балаларының бейнежазбасын жариялады. Бұл туралы Islam-today «Кавказский узел» басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Басылым мәліметінде 20 тамыз күні Шешенстанның Шалинск ауданы мен Грозный қаласындағы күштік құрылымға шабуыл жасаған бірнеше шешен жастары туралы жазылған.

Шабуыл жасаған бес баланың үлкені 18 жаста, қалғаны 11-17 жас аралығындағы жасөспірімдер. «Бейнероликте жасөспірімдердің бұған дейін жарияланған үндеуі туралы айтылған… Мұнда әр бала өзін ДАИШ террористерін қолдаушы екенін және күштік құрылымдарға шабуыл жасайтындарын айтады. Үндеу мәтіндері бір-біріне ұқсас. Жас балалар теракт жасауды көздеп жүр» делінген Telegram-каналы хабарламасында.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close