Жаңалықтар

ДАИШ содырларына Сирияны тастап шығуды шақырды

Астана. 5 шілде. KAZISLAM – ДАИШ террористік ұйымы өз топтарына кірген шетел азаматтарынан Сирияны тастап шығуға, өз елдеріне оралуға шақырды, деп хабарлайды Der Spiegel.

ГФР Қауіпсіздік органы интернет желілерінен Сирияда ДАИШ жағында соғысып жүрген шетел азаматтарына арналған ресурс көзін анықтады. Шетелдік содырларға арналған үндеу ағылшын, неміс және басқа да шет тілдерінде жазылған. Сонымен қатар, үндеуде содырларға жалған құжат алып жүру және Еуропа елдеріне қайта оралу қажеттігі айтылған.

Германия күштік құрылымы өкілдерінің неміс басылымдарына берген сұхбатында Сирияда ДАИШ үшін өте апатты жағдай қалыптастқаны мәлім болды. ДАИШ ұйымы Сириядағы ахуалдың шиеленісуіне байланысты өзге аймақтарға көшуді көздеп отыр деген болжам айтады неміс әскерилері.

Show More

Басқа жаңалықтар

Close