Жаңалықтар

Гибрид аралында мешіт пайда болды

Астана. 2 қазан. KAZISLAM –  Шотландияға енетін Сыртқы Гибрид аралында бой көтерген мешіт туристердің қызығушылығын тудырды, деп жазады Ansar.ru.

Еске сала кетсек, Льюис аралының мұсылман қауымы 2017 жылы жергілікті биліктен мешіт салуға рұқсат алып, осы жылы құрылыс жобасын іске асырды. Мұсылмандар ауызбіршілікпен аз уақыт ішінде Сторновой қаласындағы жартылай қираған ғимаратты қайта жөндеуден өткізіп, Рамазан айына дейін ашып үлгерді.

Айта кету керек, мұсылмандар бұл аралда 1945 жылдан бері өмір сүріп келеді. Ал 2016 жылы мұнда алғаш екі сириялық отбасы көшіп келді. Бір қызығы, дәл осы аралда АҚШ президенті Дональд Трамптың анасы дүниеге келген екен.

Мешіт өкілдерінің айтуынша, Рамазан айында ғибадат үйіне жүздеген турист келген екен. Гибрид аралына жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен туристер ағылады.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close