Жаңалықтар

Қырғызстанда әйелдер институты ашылады

Таяу уақытта Қырғызстанда әйелдер институты ашылады. Қара-Балта қаласында бой көтерген оқу орнының ашылуы қыркүйек айының соңына жоспарланған, деп жазады islam-today.ru.

Қазіргі уақытта оқу ғимаратының ішкі жұмыстары мен территориясын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс нысанына қаржылай қолдау көрсетіп отырған қайырымдылық қорының мәліметінше, әйелдер – Қырғызстан халқының басты байлығы. Осыған орай институтта әйелдер арасында Құран қарилары, ислам ғалымдары дайындалатын болады.

Жоғары оқу орны ерлер білім алатын «Куран Нуру» институты жанынан ашылып отыр. Енді жаңа діни оқу ордасының ашылуы әйел азаматтарға да үлкен мүмкіндіктер береді.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close