Жаңалықтар

Малайзия: туристердің мешітке кіруіне тыйым салынды

Астана. 26 маусым. KAZISLAM – Енді туристердің Борнео аралындағы мешітке кірулеріне тыйым салынады, деп хабарлайды BBC.

Малайзияда мешіт алдында билеп тұрған екі әйелдің бейнежазбасы таралғаннан кейін туристердің  құлшылық үйлеріне кірулеріне тыйым салынды.

Бейнежазбада қысқа шорты киген екі әйел Борнео аралындағы Кота-Кинабалу қаласындағы мешіт алдында билеп тұрғаны көрініс тапқан. Жергілікті билік қазіргі уақытта уақиға кейіпкерлерін іздестіруде.

Сабах штаты Туризм министрлігі бұл бейнероликте мұсылман құндылықтарына сый-құрмет жоқ екенін мәлімдеді.

Ал мешіт басшылығы қоғамдық көліктердің туристерді мешітке әкелуіне тыйым салынатынын, ал туристік фирмалармен осы тектес уақиғаларды болдырмау үшін пікірталастар жүргізілетінін хабарлады.

Show More

Басқа жаңалықтар

Close