Жаңалықтар

Бас мүфти Ақтөбеде өткен рухани кеште уағыз айтты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Ақтөбе облысына барған жұмыс сапары аясында Өнер орталығында өткен рухани кешке қатысты.

ҚМДБ-ның «Ислам жəне отбасы» жылы аясында өткен рухани шарада сөз бастаған Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы:

«Отбасындағы басты құндылықтардың бірі — ер мен əйелдің өзіне қатысты міндеттерді ықыласпен орындауы. Жанұя нəпақасын табу, отбасын баспанамен, киім-кешекпен қамтамасыз ету, науқастанса — емдеу, бала тəрбиесі, т.б. амалдар ер адамның мойнындағы міндеттер. Ал ер азаматтың ары мен абыройын сақтап, сыры мен құпиясын қорғау, жолдасына мойынсұну, шаңырақтың шаттығын кіргізу — әйел адамның міндеттері. Ер мен əйел бір-біріне кешіріммен, мейіріммен қараса олардың арасындағы өзара сүйіспеншілік пен махаббат артады», — деді.

Рухани кеште тəлімі мен тағылымы мол термелер, толғаулар орындалды. Белгілі жыршы Жəкен Омаров Майлықожаның термелерін орындап, жамағатқа жақсы адам болуды жырмен жеткізді.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Close