Жаңалықтар

БҰҰ Сирия үкіметін террорист деп таныды

Астана. 9 шілде. KAZISLAM – БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі Еуроодақ елдері бастамашы болған Сирия жөніндегі резолюцияны қабылдады, деп хабарлайды Islam-today.

Құжат бірқатар елдердің, атап айтқанда ресми Дамаск, Ирак, Қытай, Куба мен басқа да мемлекеттердің қарсылығына қарамастан Женева сессиясында қабылданды. Резолюцияда Сирия үкіметі тарапында террористік топтар соғысып жатқаны жазылған. Бұдан бөлек, қос тарапта да адам құқықтары бұзылып жатқаны қатаң айыпталған.

Сонымен қатар, құжатта халықаралық деңгейде талқылануы тиісті мәселе – «Сирия билігінің химиялық қаруды қолдануды жалғастырып келе жатқаны» да атап өтілген.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close