Новости

БҰҰ науқасты Құранмен емдеген дәрігерді марапаттады

Біріккен Ұлттар Ұйымы католик наным-сенімінде болса да, ота кезінде пациентті қасиетті Құран және Інжіл оқып емдейтін африкалық хирургты марапаттады,-деп хабарлайды Islam.kz порталы

Ерекше емдеу тәсілі арқылы мұндай мәртебелі сыйлыққа қол жеткізген Эван Атар Адаха Оңтүстік Суданға қарасты Нілдің жоғары сағасы провинциясында орын тепкен Бунж қаласындағы Мабан ауруханасында оташы болып қызмет етеді. Оның айтуынша, сенім науқасқа көп көмектеседі. Ол пациентке анестезия алдында қасиетті Құраннан сүрелер мен аяттарды немесе Інжілден үзінділер оқып, көңілін аулайды. Оның бұл ауруханада жұмыс істеп жатқанына табаны күректей жиырма жыл болған. Бұл уақыт аралығында бөлінген Судан мен Оңтүстік Судан арасындағы қарулы қақтығыстан ауыр жарақат алған талай адамның өміріне араша түскен жан. 

Show More

Басқа жаңалықтар

Close