Жаңалықтар

БҰҰ ДАИШ құрамындағы балалар санын жариялады

Астана. 12 шілде. KAZISLAM – 2017 жылы Сириядағы қарулы соғысқа ДАИШ террористік ұйымы тарапында мыңнан аса балалар қатысқан. Бұл туралы БҰҰ бас хатшысыны Антонио Гутерриштің баяндамасында мәлім болды.

Бас хатшының «Балалар және қарулы қақтығыстар» атты баяндамасы БҰҰ ресми сайтында жарияланған. Құжатқа сүйенсек, ДАИШ террористері жас балаларды бопсалауды белсенді жүргізіп келеді. Мәселен, 2017 жылы балаларды соғысқа тарту және ДАИШ қатарына бопсалау оқиғалары екі есене көбейген. Әскери қарулы қақтығыстарға балалардың қатысуы бойынша 960-тан аса дерек тіркелген. Олардың басым бөлігі – 872-сі ер балалар. Сондай-ақ көпшілігі 15 жасқа толмаған жасөспірімдер.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close