Жаңалықтар

БҚО ДІБ Дін мәселелерін зерттеу орталығы басшысының орынбасары тағайындалды

2018 жылдың 13 шілдесінде Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мақсат Раманқұлов Орталық ұжымына Дін мәселелерін зерттеу орталығы басшысының орынбасары, теолог, исламтанушы Арман Нұрахметұлын таныстырды.

1984 жылы Павлодар облысы, Екібастұз қаласында дүниеге келген А.Нұрахметұлы – қос бірдей жоғары білім иесі. 2001-2007 жылдары академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік техникалық институтын «Экономика» мамандығы бойынша бітірсе, 2008-2012 жылдары «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінен исламтану мамандығы бойынша білім алған. Алғашқы еңбек жолын 300-ге жуық мешіті бар Қызылорда облысындағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалы – облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің наиб-имамы қызметінен бастаған. 2013 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысында жұмыс жасаған Арман Нұрахметұлы алдымен «Жайық» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығында теолог-исламтанушы маманы болып еңбекетсе, кейін Дін мәселелерін зерттеу орталығы ашылған кезде осында оңалту жұмысын ұйымдастыру бөлімінде жетекші болған. Ал 2016-2018 жылдары Қазан федералдық университетінде «Ислам теолгиясының тарихы» мамандығы бойынша магистратурада оқыған. Арман Нұрахметұлы – қазақ, орыс, араб тілдерін жетік меңгерген маман.

Өңірімізге орыс тілді теологтарды көптеп тарту облыс әкімінің тікелей тапсырмасы. Осы мәселе жіті назарға алыныпты.  Бізде дін саласы бойынша теолог мамандар тапшы. Қазіргі таңда дін істері басқармасы осы мәселе бойынша жұмыстануда. Алдағы уақытта орыс тілді теологтар тапшылығын жоюды көздеп отырмыз. Әр салада өз маманы еңбек етуі керек. Сол кезде ғана жұмыс нәтижелі болмақ, – деді басқарма басшысының міндетін атқарушы МақсатАралбайұлы.

Үстіміздегі жылы өңірімізден дін саласы бойынша жоғары оқу орнын бес маман бітіріп келген. «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінде отызға жуық батысқазақстандық шәкірт білім алуда.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close