Ғибратты әңгімелер

Бір жақсылық Жаратқанды сөйлетті

Есте жоқ ерте заманда Фудейл ибн Ияд деген ғалым мешітте дәріс беріп жатады. Шәкірттерінің бірі ғалымға:

— Ұстаз, Сіз өміріңізде есте қаларлықтай ерекше бір жақсылық жасаған сәтіңіз бар ма?-деген сұрақ қояды. Сонда ғалым сәл кідіріп былай деген екен:

— Менің жадымда бір жағдай қатты сақталды. Бір күні қарным қатты аш, ішерге суым жоқ, қалтамда бір ғана динар бар еді. Содан қалған динарға бір зат алып жемек болып базарға жөнелдім. Кенет көшенің шетінде қоқыстың арасынан жерде Аллаһтың есімі жазылған бір ақ қағазды көріп қалдым. Сол қағазға бей-жай қарай алмай, қолыма алып, базарға келдім. Қағаздың жаман иісін кетіру үшін базардан маңдайымдағы жалғыз динарға иіс су сатып алдым. Содан қағазды иіс суға батырып кепсін деп жоғары іліп қойдым. Сол сәтте ұйқы келіп, шамалы тынығып алайын деп бос жерге жайғасып көз іліп алдым. Түсімде: «Сен менің есімімді көтергендей Мен де сенің есіміңді жоғары дәрежелі етемін»,-деген дауыс естідім. Оянып кетіп жасаған бұл әрекетім жақсылыққа жетелейтінін түсіндім.   

Жалғас АСХАТҰЛЫ,

дінтанушы

Далее

Басқа жаңалықтар

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Close