Жаңалықтар

Белсенді жастар 80 жастағы қарияға үй салып жатыр

Астана. 4 маусым. KAZISLAM – «Ақтау қайырымды жандары» еріктілер тобының мүшесі Махмұт Қуанәлі ниет білдіргендерді топқа қосылуға шақырады, деп хабарлайды Lada.kz.

Махмұт Қуанәлі қарияға көмек көрсету жолдарын да айтып берді. 80 жастағы қария туралы белсенді топ ауылдастарынан естіген.

«Сәуір айында бізге ауылдастарымыз хабарласып, 80 жастағы атаға көмектесуімізді өтінді. Ол денсаулық жағдайына байланысты жұмыс істей алмайтын ұлымен бірге тұрады екен. Қарияның да денсаулық жағдайы мәз емес, ол ай сайын ауруханаға жатады. Біздің жігіттер оларға екі рет азық-түлік алып барды. Олар тұрып жатқан үй өмір сүруге жарамайтынын түсініп, оған жөндеу жұмыстарын жасаймыз деп шештік» дейді Махмұт Қуанәлі.

Еріктілердің айтуынша, үйдің едені тесік болса, ал шатыры тозып кеткен. Уақытша тұратын үйге жөндеу жұмыстарын жасамақ болған еріктілердің әрекеттері сәтсіз аяқталып, отбасыға жаңа үй салу туралы шешімге келген.

«Жаңа үйді 10 сәуірден бастап сала бастадық. Оның бұрынғы үйі үлкен үйіндіге айналды. Қазіргі уақытта үйдің қабырғасын көтеріп, төбесін жауып қойдық. Электр сымдары тартылды, енді екі күнде үйді сылап бітіреміз. Бірақ, құрылыс жұмыстарын толық аяқтау үшін бізге бірқатар құрылыс материалдары керек. Бұл жағдайға немқұрайлы қарамайтындардан көмек сұраймыз» дейді олар.

Show More

Басқа жаңалықтар

Close