Жаңалықтар

Бейтаныс адам мешіттен кішкентай қызды ұрлап әкеткен

Алматы облысы Байсерке ауылында тұрғылықты мекенжайы жоқ бейтаныс адам кешкі намаз уақытында мешітке барып, кішкентай қызды әкесіне көрсетпей алып кеткен.
Baq.kz жазғандай, «30 маусым да кешкі сағат 21.50-де Байсерке ауылының мешітінде құлшылық жасап жатқан ер адамның қызын бейтаныс адам ұрлап кеткен. Әкесі полиция қызметкерлеріне жүгініп, соның нәтижесінде жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілген. Іздестіру нәтижесінде олар жарты сағат ішінде Қапшағай ауданынан табылды. Ол қашып бара жатқан кезде полиция қызметкерлері өзін қуып келе жатқанын көріп, қызды қалдырып, ізін суытпақ болған. Бірақ полиция қызметкерлері оны ұстап алды», — дейді Алматы қалалық ішкі істер департаментінің ресми өкілі Сергей Незнаев.

Әкесінен қызын айырғысы келген 1962 жылғы бейтаныс адамның тұрақты мекенжайы жоқ. Оның бүлдіршінді неліктен ұрланғаны жайлы әлі нақты жауап жоқ. Осыған байланысты мән-жайды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close