Главная темаНовости

Бас мүфти Қадір түнінде халыққа уағыз айтты

Серікбай қажы Ораз қасиетті Қадір кешінде Астана мешіттерін аралап, жамағатпен жүздесті.

ҚМДБ Төрағасы Серікбай Сатыбалдыұлы «Нұр Астана» мешітінде Құран хатым батасын жасап, уағыз айтты.

«Қадірлі жамағат! Мың айдан қадірлі болған қасиетті түнді Аллаға мадақ, пайғамбарға салауат айтып, құлшылықпен өткізу – үлкен сауапты амал. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз үмбетіне осы түнде дұға жасауды да үйретіп кеткен. Алла Елшісі үйреткен дұғалардың бірі мынадай: «Уа, Алла! Расында, Сен – Кешірімдісің, кешіргенді жақсы көресің. Мені кешіре гөр». Қасиетті түнді құлшылықпен өткізген мұсылманға періштелер салауат айтып, оған бейбіт өмір тілейді. Алла Тағала баршамыздың дұға-тілектерімізді қабыл етіп, рақымына бөлегей! Халқымыз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз баянды болғай», – деп батасын берді Бас мүфти.

Серікбай қажы Ораз өз кезегінде бір ай бойы Құранды толық хатым еткен қариларға алғысын білдіріп, қазақы дәстүрмен шапан жапты.

Басқа жаңалықтар

Пікір жазу

Close